• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 22 МАЯ 18
    • 0
    «Өмір бойы жарқыраған күлкі»

    «Өмір бойы жарқыраған күлкі»

    «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігі филиалының Ұлттық бағдарламасы негізінде жылжымалы медициналық көмек түрі «Өмір бойы жарқыраған күлкі» атты кешенді кестесі бойынша Маңғыстау облысы ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» мекемесі әкімшілігімен бірлесіп 2017 жылдан бері бірқатар жұмыс жүргізіліп келе жатыр.

    Ауыз қуысының саулығы – балаңыздың жалпы денсаулығының маңызды бір бөлігі. Тек қана ата –ана және стоматолог маман ерте балалық шақтан бастап ауыз қуысын дұрыс күту дағдысын көрсете отырып, еліктеуіне үлгі бола алады. Профилактикалық шаралар балаңызға сау тістер мен қызыл иекті, сондай-ақ айналасындағылармен қуанышты бөлісе алатын көз жауын алатын күлкіні сақтауға көмектеседі.

    Мамыр айының екінші аптасы стоматолог мамандар үшін қарқынды жұмыс аптасы болды. Дәрігерлер мен медбикелеріміз Мұнайлы ауданының № 8 мектебіне барып тіске қатысты, ауыз қуысына қатысты кешенді жұмыстар жүргізіп қайтты. Атап айтқанда, ауыз қуысы, тіс құрылысы , тіс күтімі, тіс тазалануы, щетканы пайдалану жөнінде буклеттер таратылды. Буклетте ең қажетті ақпарат және бүкіл отбасына арналған «Тіс қорғаушылардың кеңестері» табылады.

    Мамандар тарапынан көрсетілген жан-жақты ақпарат сәбилерді де ұстаздарды және мамандардың өздерін де қуанышқа бөледі.

    Алдағы уақытта қаладағы № 23 мектепке бару жоспарланды.

    Сөз соңында, Тістеріңіз сау болып, өзіңізге қызмет ете берсін, кішкене достар демекпін.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

    Облыстық стоматология орталығы кадр маманы

     

    Leave a reply →

Photostream