• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 07 ФЕВ 23
    • 0
    Қаңтар айына есеп беру

    Қаңтар айына есеп беру

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Облыстық стоматология орталығы» 2023 жылдың қаңтар айына көрсетілген стоматологиялық көмектің барлық түрлеріне жасалған жұмыс нәтижесі туралы айды қорытындылау жиналысын жүргізді.

    Ұжымда әр бір айды қорытындылау жиналысы тұрақты түрде өткізіліп, қызметкерлердің барлығы да қатыстырылады.

    Ең алдымен дәрігер мамандардың терпиялық, хирургиялық, ортопедия-ортодонтиялық  көрсеткіштер саны және сапа  нәтижесі бағаланса, екіншіден мекеменің атауы аталғандай табыс көзі қаржы жоспарының орындалуы айқындалады. Сапа мен сан бәсекелестікке қабілетті етсе, қаржы өзін өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жиналыс барысында ұжымға қосылған жас мамандар таныстырылып кетеді. Науқас адамға көңіл бөлу – бүкіл дәрігерге ортақ парыз, дәрігерлердің өзара қарым-қатынасының деонтологиялық қағидаларын қатаң сақтау ұжым өмірінде, оның күнделікті және болашақтағы табысқа жетуіне маңызды роль атқаратындығы ашық айтылып,  дәрігердің пациенттің тегіне, ұлтына,  дін ұстанымына және басқа  ерекшеліктеріне қарамай көмек көрсету керектігі де осы жиналыс барысында жан-жақты айтылады. Біздің стоматолог мамандарымыз деонтология мен этикалық қағидаларды сақтамай ем жүргізуі мүмкін емес, өйткені ауыз қуысы бүтін ағзаның бір бөлігі. Дәрігер шыдымдылық пен қиындыққа ортақтаса отырып, әңгімелесіп өз емін жасайды.  Жас мамандар ұжымға үйреніп, жұмысына кіріскенімен, тағы бір оқу жылындай үлкен еңбек жолы басталып, жалғасады.

    Жалпы, ұжымдағы мамандардың қаңтар айына  МӘМС бойынша да ақылы ем жасауы да жаман емес.

    Өлке бойынша туа бітті таңдай жырықтарына ортодонтиялық көмек көрсетілсе, өсіндіге хирургиялық (уздечка)  ота жасау, бет-жақ сүйектеріне шиналау осы орталықта жүргізілетінін біле жүрген жөн.

    Орталықтың барлық мамандарына ақпан айына да келесі еңбек айларына да сәттілік, табыс тілейміз.

    Жалпы, мұндай апта сайын және айды қорытындылау жиналыстарының маңызы өте зор.

    Кадр маманы Б.Сералиева

    Leave a reply →

Photostream