Маңызды тренинг
ШЖҚ МКК «Облыстық стоматология орталығы» әкімшілігі базалық орталық ретінде балалар мен ересектердегі анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек көрсету тактикасы бойынша білім жетілдіру тренинг өткізді.
Шұғыл көмек көрсету тактикасы туралы жоғары санатты дәрігер анестезиолог реаниматолог Жампозов Руслан Елтайұлы «YES» Ұлттық жұқпалы аурулар орталығының қолдауымен білім беру орталығынан келіп жүргізді.
Бірі білсе, бірі біле бермейді, анафилактикалық шок – ең ауыр аллергиялық реакциядан туатын талма ауруының бір түрі. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адамдардың 10% анафилактикалық шоктан көз жұмады. Жыл сайын жүз мың адамның бесеуі осы дертпен күресе алмай, өмірден озады. Сондықтан Анафилактикалық шок кезінде қалай алғашқы көмек көрсету керек екенін барлығымыз міндетті түрде білуіміз керек. Бұл өте маңызды!
Ең алғаш «анафилактикалық шок» сөзі 1913 жылы француз ғалымы Шарлем Ришенің зерттеуі негізінде пайда болды. Ол өзінің бұл зерттеуі арқылы Нобель сыйлығына да қол жеткізген.
Бақытнұр Қарсыбайқызы.
Leave a reply →