Маңғыстау облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықовтың төрағалығымен кезекті жиналыс өткізілді.
Айта кету керек, әр айды қорытындылау жиналысын өткізу үрдіске айналған. Балалар бөлімі, хирургия, ортопедия, ортодонтия бөлімшелерінің меңгерушілері өз бөлімшелерінде еңбек етіп жүрген дәрігер мамандардың бір ай бойы еңбектерін саралап, ұжым алдында есеп беріп отырады.
Емделген, салынған, жұлынған тіс саны, диспансерлік есепке алынған және шығарылған бала саны туралы ақпарат берілді. Мамандардың екеуі облыстық және қалалық шақырту комиссияларының тұрақты мүшелері. Әскер қатарына алынатын өңір жастарының ауыз қуысы да назардан тыс қалмайды, ол бойынша да мамандар есеп берді. Кезекті басқосуда мемеке басшысы жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандарды ұжымға таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Алдағы айда жасалынатын жұмыс жоспарлары нақтыланады. Осы жиналыста жақында Ақтөбедегі және Алматыдағы конгресске делегат ретінде қатысқан мамандар өздерінің ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, жас мамандарға арналған семинар сағаттары да өткізіліп отырады. Орта буын мамандарының да атқаратын жұмысы ауқымы мол болғандықтан жиналысқа олар да қатысып, сұрақ-жауап форматында жиынды қорытындылады. Жалпы мұндай есеп беру жиналыстарының маңызы зор. Жұмыс барысында олқылықтарға жол бермеуді, болған жағдайда мәселенің мән-жайын анықтап, алдағы уақытта болдырмауға жұмыстану, сапалы медициналық көмек көрсету бойынша алдағы кезеңге жұмыс жоспары бекітілді.
04 қараша 2022 ж.сағат 8.00.