• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 27 АПР 17
    • 0
    Әріптесіміз Мамиева Тамара Асламбекқызы

    Әріптесіміз Мамиева Тамара Асламбекқызы

    ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» мекемесінің қызметкерлерінің басым көпшілігі жұмысқа қабылданған кезден бастап тұрақты жұмыс жасап отырған дәрігер стоматолог, тіс дәрігерлері, тіс техниктері, медбикелер легінен тұрады. Сондықтан да мамандар жұмыстан тыс уақытта бір бірімен тығыз байланыста, туыстық жылы да жақын қарым-қатынас орнаған ұжым мүшелерін құраған.

    Мамиева Тамара Асламбекқызы тіс технигі маманы.

    Тамара Асламбекқызы желтоқсанның 14-і күні 1959 жылы осы Маңғыстау облысында бұрынғы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласында өмірге келген. Әке – шешесі өлкеміздің құрылуына, қала болуға бірден-бір қатысып, жалынды жастық шақтарын осында өткізген адамдар. Негізгі туған жері- Пятигорск қаласы. Тамара он жылдық мектептен кейін Пятигорскінің медицина училищесіне тіс технигі мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқуды ойдағыдай аяқтаған соң мамандығы бойынша жұмыс жасай бастайды.

    Біздің мекемеге 2003 жылдың тамыз айында келіп орналасқан болатын. Ортопедия бөлімі, тіс салумен айналысады. Дәрігер тісті қарап, өлшеп, қандай тіс салуға болатынын анықтаған соң, қалған барлық жұмысты тіс технигі атқарады. Тісті қалыпқа құю, өңдеу, шақтастыру, жанында тұрған тістерге ұқсастырып түске енгізу, өз тісіңдей етіп табиғи түрде иесіне қызмет етуге дайындап шығару тіс технигінің білімінің және тәжірибесінің арқасында жүзеге асырылады. Тамара туа бітті құлағы естімейтін және ыммен сөйлейтін 3 топтағы мүгедектігіне қарамастан ұжым мүшелеріне сіңісіп, өзіне тапсырылған жұмыстың бәрінде уақытында, тиянақты сапалы атқарып отырды. Келушілер де, бірігіп ем жүргізетін дәрігер мамандар да ешқашан шағымданып көрмеген. Жұмыс орынын отырған жерін де тап-таза етіп, тазалықты жаны сүйетін. Сөйлей алмайтын болғандықтан адамдармен көп байланысып дабырламаса да әріптестері оның адалдығын, шыншылдығын, адамгершілігін бағалап ұжым ішіндегі түрлі шаралардан шет қалдырмай, сыйлап отыратын. Сәуір айының басында Тамара әріптесіміз өз еркімен жұмыстан босатуды сұрап, еліне, әке-шешесінің жеріне кететіндігін айтып келген болатын. Ұжым мүшелері, басшылар жағы рахметін айтып өзімен бірге жақын араласатын құрбылары болып шығарып салдық.

    Ұжым болған соң мамандар ауысып келіп кетіп жатады, бірақ кейбір адамдардың орны бөлек болып тұрады. Елеусіз ғана өз еңбегін адал атқарып, бірталай адамға өз қол өнерін ұсынып тістерін салып беріп алғысқа бөленген әріптесім туралы, оның еңбегі туралы жылы, қимастықпен айта отырып: «Жолың болсын. Әрдайым жаныңан өзің тәрізді жақсы адамдар жолықсын!» деген тілегімді ұжым атынан білдіргім келді.

     

    Бақытнұр Қарсыбайқызы

    Кадр маманы, облыстық стоматология орталығы

     

    Leave a reply →

Photostream