• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 01 ОКТ 21
    • 0
    Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар

    Алғыс арқалаған ақ халатты абзал жандар

    Маңғыстау өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер мен жетістіктері туралы ұзақ айтуға да, жазуға да болады.

    Мәселен облыстық стоматологиялық орталығының жұмысы бұрынғы жылдармен салыстырғанда біраз жүйеленді. Білікті, білімді мамандар келіп, жұмыс жасауда. Ауырып келген барлық науқастар үшін барлық жағдай жасалған.

    Емге зәру жандарға әрқашанда жылы сөздерімен және істерімен көмек беретін ерекше жандар көп. Мәселен медициналық тіркеушілер Кесикова Ақбілек Саулебайқызы, Марал Сағындықова, Камила Дүйсеғали халықтың алғыс-сауабын арқалаған абзал жандар.

    Олар ең алдымен ұқыптылықты алға қоя білген, әрдайым тәжірибе алмасуға асық болып, өзін-өзі психологиялық тұрғыдан, сондай-ақ білім жағынан да дайындап жүр. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп жүрген олар күн демей, түн демей әр кез жұмыс орындарынан табылады.

    Leave a reply →

Photostream