• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 29 ЯНВ 18
    • 0
    Заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты

    Заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығында» қаңтардың 29-ы күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша жиналыс өткізілді.

    Жиналыстың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» тақырыбында заңгердің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды. Мекеменің дәрігер және орта буын, тағы басқа мамандарымен 47 адам қатыстырылды.

    Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 25.01.2018 жылғы № 05-3-9/429 санды хатына сәйкес Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы бағыты ортаға салынып, мекеме директорының орынбасары Р.Б.Тасбулатова жан –жақты мағұлымат берді.

    Ал жемқорлықтың қоғамға да адамға да қандай зардабы барын мекеме заңгері статистикалық мәліметтерге сүйене отырып айтып, сақтандыру шаралары, және жемқорлықтың алдын –алу жолдарымен кешенді таныстырып өтті.

     

    «Облыстық стоматология орталығы»

     

    Leave a reply →

Photostream