• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 17 ОКТ 17
    • 0
    Колгейттен әдемі күлкі  және қыркүйек айына есеп жұмыстары

    Колгейттен әдемі күлкі және қыркүйек айына есеп жұмыстары

    «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігі филиалының Ұлттық бағдарламасы негізінде жылжымалы медициналық көмек түрі «Өмір бойы жарқыраған күлкі» атты кешенді кестесі бойынша Маңғыстау облысы ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» мекемесі әкімшілігімен бірлесіп бірқатар жұмыс жүргізіліп өз мәресіне жетті.

    Облыс көлемінде қаланың, шет және жақын аудандардың мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысына кешенді қаралу жұмыстары жүргізілді. Стоматологиялық ем шаралар жүргізілді, балалардың тіс мамандарына келгендегі қорқынышын сейілту және балаларды ынталандыру мақсатында тіс пасталары, щеткалары, емделушінің дипломы, түрлі түсті буклеттер таратылды. Мектеп мұғалімдерімен қатар біздің стоматолог мамандарымыз, медбикелеріміз бұл жұмысты атқаруда көп тер төкті. Еңбектері елеусіз қалдырылмай тынбай жұмыс атқарған мамандарымыз мекеменің әкімшілігінің атынан және «Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы» Қоғамдық Бірлестігінің атынан марапаттауларға ұсынылды. Аптаның соңғы күні мекемеде қыркүйек айына есеп жүргізіліп және «Өмір бойы жарқыраған күлкі» атты жүргізілген жұмыс қорытындысы талқыланып марапатталушылар өз сый-сияпаттарына ие болды. Тістері жарқыраған, дендері сау сәбилеріміздің жүздерінен күлкі кетпей, мамандардың қызметі жемісті бола берсін дейміз!

    Бақытнұр Қарсыбайқызы.

     

    Leave a reply →

Photostream