• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 30 НОЯ 17
    • 0
    Өмір бойы жарқыраған күлкі

    Өмір бойы жарқыраған күлкі

    ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық орталығы» МКК дәрігер – стоматологы Тукупов Ө.Б. Мұнайлы ауданының №12 мектебінде: «Ауыз қуысының саулығы – балалардың жалпы денсаулығының маңызды бір бөлігі. Балаларға ерте балалық шақтан бастап, ауыз қуысын дұрыс күту дағдысын көрсету» атты тақырыпта «Бірыңғай Қазастан стоматологтар қауымдастығы» мен «Colgate polmalive» компаниясының қолдауымен үлкен ауқымды қамтитын іс-шара жүргізілді. Іс-шараға 400-ге жуық 1-сынып оқушылары қатысты. Оларға ауыз қуысын дұрыс тазалау әдістемелері мен видеороликтер көрсетіліп, тіс пастасы, тіс щеткасы және ата-аналарына арналған ақпарат пен тіс тазалау күнтізбелері таратылды.

    Айта кетерлік жағдай, Маңғыстау облысында балалар тіс ауруы кең таралған. Соның ішінде ауыл-аймақтарында. Осыған дейін жоғарыда аталған іс-шара, барлығы 2 638 оқушыны камтып, Ақтау қаласының №3, №16, №21, №20, №5, №12, №28 мектептерінде және Дәулет кентінде жүргізілді.

     

    Leave a reply →

Photostream