• Медгородок, Микрорайон 1, г Актау
  • 8-7292-503-587
  • oblstom@mail.kz
    • 18 МАР 22
    • 0
    Cтоматолог-хирург Өсербаев Қ. «Еріннің , тілдің қысқа үзбесі» тақырыбында дәріс жасады

    Cтоматолог-хирург Өсербаев Қ. «Еріннің , тілдің қысқа үзбесі» тақырыбында дәріс жасады

    ШЖҚ «Облыстық стоматология орталығы» МКК дәрігер мамандары арасында кезекті семинар сағаты өткізілді. Дәрігер стоматолог хирург Өсербаев Қуаныш Құдабайұлы «Еріннің , тілдің қысқа үзбесі» тақырыбында дәріс жасады. Соңынан сұрақтар қойылып, әріптестер өзара күнделікті тәжірибеден мысалдар келтіріп, тақырып талқыланды.
    Өсербаев Қуаныш Құдабайұлы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының 2006 жылғы түлегі. Жоғары оқу орнынан кейін интернатураны осы мекемеден өткізіп, 2007 жылы маман ретінде жұмысқа қабылданды. Терапия және хирургия бөлімшелерінде жұмыс жасап келді. Соңғы жылдары тұрақты хирургия саласында еңбек етіп жүр. Жоғары санатты маман сертификатын қорғады. Емхана жағдайында диагноз қою және хирургиялық емдеу әдістері, хирургиялық стоматологиядағы шұғыл көмек тақырыптарында заманауи деңгейде өз білімін жетілдірген білікті маман Қуаныш Құдабайұлы күнделікті жұмыс барысында жоғары, төменгі жақ, тіл асты үзбелеріне қатысты айына жүздеп ота жасап, балалардың және ата-аналардың алғысына бөленіп, ұжым беделін арттырып жүрген маман.
    Дәрігер стоматолог хирург Қуаныш Құдабайұлына және ұжым мамандарына толағай т

    абыс тілейміз. Келесі семинар сағатын бүгінгіден де ашып, аудиториямен тығыз байланыста болып жоғары деңгейде өткізуге тілектестік білдіреміз.
    Жалпы, ұжым үшін өткізілетін семинар сағаттарының маңызы зор.
    Б.Қарсыбайқызы кадр маманы.

    Leave a reply →

Photostream